Өзектi

Энергия үнемдеуге үндейтін автоматты жүйе

10.02.2017

5165

«Системотехника» ЖШС ғалымдары құрылыс нысандарының жылу сақтау және эксплуатациялық құрамын айқындайтын автоматты жүйе ойлап тапты, – деп хабарлайды «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі.
Ғылыми жұмысқа В.И.Топоров жетекшілік жасаған. Жаңа жүйе отандық құрылыс саласындағы энерготиімділікті, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді оң бағытта шешеуге бағытталған.
Қазіргі таңда Қазақстан үшін түрлі құрылыс нысандарында энерготиімділікке қол жеткізу маңызды мәселе болып саналды. Мамандардың есептеуінше, елімізде салынған құрылыс нысандарының энергия үнемдеуі бар болғаны 35-40 пайызды құрайды. Бұл – төмен көрсеткіш. Осы бағыттағы жұмыстарды оңтайлындыру үшін жаңа стандарттарды қабылдап, замануи технологиялық жетістіктерді пайдаланудың мәні зор.
Ел аумағындағы өндірістік, азаматтық нысандардың басым бөлігі КСРО кезінде салынған. Сондықтан олар энергия үнемдеу талаптарына мүлде сай емес. Мамандар бір ғана муниципальді білім беру нысандарында жылу жоғалту көлемі 30-50 пайызға дейін жететінін анықтаған-ды. Сондықтан «Системотехника» мекемесінің еліміздегі әлеуметтік, өндірістік нысандарда арнайы мониторинг жүргізіп, энерго үнемдеуге қалай қол жеткізудің жаңа жүйесін ұсынуы маңызды. Мониторинг бойынша қуат көзін үнемдеп, орасан шығынның алдын алуға болады.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар