Өзектi

Қазақстан биологтары ас қорыту ферменті фитазаны алудың жолын тапты

25.01.2017

5821

Фитаза ферментін саңырауқұлақ штаммаларының өзгерген түрінің көмегімен алудың тәсілін «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының ғалымдары ойлап тапты. Жоба жетекшісі б.ғ.к. Ж.Б.Сүлейменова.
Фитаза көптеген ағзалар үшін маңызды ферменттердің бірі, алайда моногастритті жануарлар мен адамдарда ас қорыту сөлінің құрамында фитаза болмайды, ал олардың қызметі асқазандағы қышқылды орта және микрофлора ферменттері әсерінен жүзеге асады. Яғни фермент ішекте өмір сүретін микроағзаларды өндіреді. Жасанды жолмен алынған фитаза ауыл шаруашылығы жануарларының салмағын арттыру үшін қосылып беріледі.
Жоба авторлары фитазаның белсенді өндірушісі Aspergillus niger саңырауқұлақ штаммасын өсірді. Микроскопиялық саңырауқұлақтардың селекциялық штаммасы негізінде фермент өндірісін құру жобаланып отыр. Осылайша ферменттер үй құстары мен балықтардың жем-тамағына қосылып берілсе, жем-шөптің қорытылмаған компоненттерінің сіңімділігі жақсарады.

Дереккөзі: «МҰҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар