Өзектi

Ә.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты ғалымдары табиғи полисахаридтер негізінде жасалған жаңа биополимер жасады

25.01.2017

5379

Әртүрлі табиғи полисахаридтер негізінде жасалған құрамында дәрілік заттары бар жаңа полимерлі биоматериалды Ә.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының ғалымдары жасап шығарды. Жобаның жетекшісі – жетекші ғылыми қызметкер, х.ғ.д., профессор Е.О.Батырбеков.
Табиғи полисахаридтердің әртүрлі микробтарға қарсы қасиеті бар. Жоба авторлары құрамында белсенді заттары бар микрокапсула жасады. Ұсынылып отырған полимерлі заттарда туберкулезге қарсы дәрі мен кальций аргинитінің синтездеу жолымен алынған нано және микро бөлшектері бар.

Дереккөзі: «МҰҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар