Өзектi

ҚарМУ ғалымдары ауыр мұнайдың қалдығын өңдейтін технология ойлап тапты

24.01.2017

4467

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің ғалымы, х.ғ.д. профессоры М.И. Байкенов ауыр мұнайдың қалдығы мен тас араласқан смоланы өңдеп, кәдеге жаратудың жолын тапты, – деп хабарлайды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Ғалым ғылыми жобасын іске асыру барысында ауыр мұнайдың қалдығы мен тас араласқан смоланы гидрогенизациялық өңдеуден өткізіп, пайдалы заттар алудың жолын тапқан. Гидрогенизациялау кезінде ауыр мұнайдың құрамы толықтай ыдырап, қаныққан көмірсутек алудың сәті түсті. Нәтижесінде құрамында күкірті аз тығыз, әрі жабысқақ өнім алынғанын айта кетуіміз керек.
Мамандар ҚарМУ ғалымы ойлап тапқан технология болашақта мұнайды терең өңдеу саласында кең қолданып, елімізге экономикалық игілік әкелетінін айтуда. Ал жоба авторлары мұнайды терең өңдеуден өткізетін технологияның қондырғыларын елімізде құрастырып, кең көлемді таратуға болатынын тілге тиек етті.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар