Өзектi

Қант диабетімен ауыратындарға арналған диабеттік нан өнімдері ұсынылды

19.01.2017

4685

Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары диабетке қарсы биоқосымша қосылған, өсімдік шикізатынан жасалған нан өнімдерін өндіру технолгиясын ойлап тапты. Жобаның жетекшісі – т.ғ.к. Г.Е.Жұмалиева.
Жоба авторлары әртүрлі мөлшердегі биоқосымшалардың нанның жұмсақ бөлігіндегі суда еритін көміртектерге әсерін бақылады. Зерттеу нәтижесінде диабетке қарсы әсері бар биоқосымшалар кешені қосылған құрғақ ашытқының құрамы мен жасау технолгиясы жасалды. ұсынылған технология бойынша наубайхана өндірісінде қолдануға болады.

Дереккөзі: «МҰҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар