Ғылыми жаңалықтар

Шөп жинайтын жаңа құрылғы пайда болды

05.01.2017

4488

Механикаландыру және электрмен жабдықтау ғылыми-зерттеу институты ғалымдары пішен шөпті майдалап турайтын және пішен салатын жаңа құрылғы ойлап тапты, – деп хабарлайды «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Жаңа қондырғыны дайындауға Мал шаруашылығы саласын механикаландыру зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы Р.А. Омаров жетекшілік жасаған.
Жоба авторы өзі ойлап тапқан қондырғы осыған дейін пішенді рулондап жинайтын дәстүрлі әдіс жұмысты екі есе жеңілдетіп, құрал жабдықты дайындауға кететін шығынды 2,7 есе азайтатынын алға тартып отыр. Ғалым жаңа құрылығының шөпті жинайтын ауқымын 1,8 метрден 3 метрге дейін ұзартқанын алға тартты. Қазіргі таңда құрылғының сынақтан өткізетін алғашқы нұсқасы дайындалу үстінде.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар