Ғылыми жаңалықтар

Ми, көз және жүректің жұмысын жандандыратын азықтық өнім пайда болды

29.12.2016

4905

Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу инстиуты ғалымдары Омега-3 деп аталатын кешенді азықтық өнімнің шығарудың технологиясын ойлап тапты, – деп хабарлайды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Жаңа технологияның әзірлеуге техника ғылымдарының докторы, доцент Т.Тұлтабаева жетекшілік жасағанынын айта кетуіміз керек. Мамандардың айтуынша, Омега-3 өнімінің құрамындағы жартылайқанықпаған май қышқылының адам денсаулығын тигізер пайдасы зор.
Мұндай май қышқылымен жасуша мембраларына қоректенетіні белгілі. Ал адам организмінде мембраналар алатын орыны ерекше. Айталық, жүйке талшықтарының бір-бірімен байланысуын, ми, көз, жүрек сияқты маңызды органдардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жартылайқанықпаған май қышқылы аса қажет.
Жаңа өнімнің өзге сүт өнімдерімен салыстырған биологиялық құндылық, қауіпсіздік және функциональді құрамы жағынанан қатты ерекшеленетінін айта кетуіміз керек. Соңғы уақытары елімізде көпшілік қауымның дұрыс тамақтануына баса көңіл бөліне бастағаны белгілі. Мамандар мұндай жағдайда Омега-3 азықтық өнімі халықтың денсаулығын көтеруге мейлінше ықпал ететінін алға тартуда.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар