Өзектi

С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғалымдары суицид пен күйзелісті зерттеуде

27.12.2016

5404

С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғалымдары адамның суицид пен күйзеліске қалай тап болатынын анықтау мақсатында клиникалық, генетикалық, иммунологиялық және биохимиялық маркерлерді жан-жақты зерттеді, – деп хабарлайды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Маңызды ғылыми-зерттеу жұмысына медицина ғылымдарының докторы К.З.Садуақасова жетекшілік жасағанын айта кетуіміз керек. Ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу барысында ерікті түрде қатысқан адамдардың ДНК мен қан плазмасын пайдаланған. Зерттеу нәтижесінде қазақтар арасындағы суицинде пен күйзеліске ұрындыратын гентикалық аллельдер азия халықтары арасында кең тараған популация екенін мәлім болды.
Қазіргі таңда алынған ДНК мен қан плазмалары жинақталып, арнайы қор жасақталуда. Зерттеуші мамандар жинақталған мәлімет қоры күйзеліске тап болып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген пациенттерді емдеуге барынша көмектесетінін алға тартуда.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар