Ғылыми жаңалықтар

ҚазҰТЗ ғалымдары металлургиялық кремний алудың тың тәсілін ойлап тапты

21.12.2016

4582

Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗ жанындағы Физика-техникалық институтының ғалымдары еліміздегі кварц құмынан металлургиялық кремний алуды тың тәсілін ойлап тапты, – деп хабарлайды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Ғылыми-зерттеу жұмысына физика-математика ғылымдарының докторы, академик С.Ж. Тоқмолдин жетекшілік жасады. Осыған дейін металлургиялық кремний алу кезінде кремнийді алюминитермиялық қалыпқа келтіру және белсенді сликат шлактармен араластыру керек еді. Ғалымдар осы екі технологияны бір мезетте жүргізіудің жолын тапқан. Осылайша отандық ғалымдар аз шығын жұмсап, кварц құмынан металлургиялық кремний алудың тың технологиясын ұсынып отыр.
Металлургиялық кремний алудың арзан жолын табу бүкіл әлем бойынша өзекті болып келгені белгілі. Өз кезегінде Қазақ ғалымдары күн көзінен қуат алуды кеңінен пайдаланылатын кремний алудың тиімді тәсілін тапты. Бұл – технология кремнийдің құнын 20-30 пайызға дейін арзандататынымен елдің назарын аударып отыр.
Сонымен қатар металлургиялық кремний алудың бұл тәсілі экологиялық тұрғыдан да тиімді болып тұр. Жаңа технология байырғы әдіске қарағанда ауаға парник газдарды аз шығаратымен ерекшеленеді.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар