Өзектi

Ядролық физика институтының ғалымдары берік жабын ойлап тапты

09.12.2016

4392

Ядролық физика институтының ғалымдары тантал, вольфрам, молибден, алюминий және цирконийден нанокраистальді жабын алудың инновациялық технологиясын ойлап тапты, – деп хабарлайды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Ғылыми зерттеу жұмысына физика-математика ғылымдарының кандидаты Ж.Төлешев жетекшілік жасаған.
Магнетронды тәсіл бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізген ғалым үш нитридті жабын алғанын алды, олар – Ta-W-N, Ta-Mo-N, Ta-Zr-N, Ta-Al-N, W-Mo-N и W-Zr-N. Сонымен қатыр төрт нитридті жабын Ta-W-Mo-N, Ta-W-Zr-N, W-Mo-Zr-N, және W-Zr-Al-N алған.
Осылайша отандық ғалымдар жоғары қатты және тозуға өте берік жабын алудың жолын тапты. Мамандар жаңа жабын табиғаты қатал аймақта жұмыс істеуге арналған түрлі құрал-жабдықтарды қаптауға кеңінен пайдалануға болатынын алға тартты.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар