ҚазҰУ ғалымының инновациялық технологиясын отандық кәсіпорындар өндіріске енгізуде
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Физика-химиялық әдіспен зерттеу және сараптау орталығы ғалымы полимер және көміртекті материалдардың (шунгит, көміртекті талшықтар т.б.) негізінде композиттік материал алудың инновациялық технологиясын ойлап тапты, – деп хабарлайды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Ғылыми жобаға физика-математика ғылымдарының докторы, профессор А.И.Купчишин жетекшілік жасаған.
Жоба авторы ғылым жұмыс барысында композиттік материалдың сынмасы мен оны дайындаудың технологиялық режиміне бірқатар өзгеріс енгізді. Сонымен қатар композиттік материал алудың технологиялық кестесі дайындағаны мәлім болды. Ғылыми жұмыс барысында композиттік материалдың құрылымы мен химиялық құрамы жан-жақты зерттелгенін де айта кетуіміз керек.
Қазіргі таңда ҚазҰУ ғалымы ойлап тапқан тың технология Қазақстанның бірқатар кәсіпорындарда қолданысқа еніп, отандық өндірісті өркендетуге үлес қосуда.
Мамандар ғылыми жұмыстың қорытындысы компазиттік материалдардың физика-миханикалық құрылымын арттыруға жола ашатынын алға тартты. Бұдан кейін мұндай материалдарды авиация мен ғарыш саласына қажетті техникаларды жасауға кеңінен пайдалануға болады екен.