Ғылыми жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары мұнай булары тірі организимдердің ДНК-сын зақымдайтынын анықтады

05.12.2016

5305

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің жанындағы Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары мұнайға жіберілетін булар айналасындағы тірі организимдердің ағазасын зақымдап, олардың түрлі мутацияға ұшырататынын анықтады деп, – хабарлайды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Ғылыми жұмысқа ҚазҰУ-дің ғалымы биология ғылымдарының докторы, профессор Т.М. Шалахметов жетекшілік жасаған. Ол өзінің ғылыми жұмысын Қызылорда облысы аумағында мұнай өндіріп жатқан Құмкөл кенішінде жүргізген. Аталған аймақта мекендейтін тышқандарға зерттеу жүргізіп, олардың іш құрылысын тексергенде жер астындағы мұнайға жіберілген булар тышқандардың ДНК-сын айтарлықтай зақымдайтына көз жеткізді. Осы ретте ізденушілер биохимиялық, генетикалық және гистологиялық тұрғыдан жан-жақты зерттеу жүргізгенін айта кетуіміз керек.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар