Ғылыми жаңалықтар

М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымы мұнай қалдығын рәзіңке өндірісінде кәдеге жаратудың тәсіліп тапты

05.12.2016

5083

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары мұнайдың органикалық қоймалжың қалдықтарын өндірістік рәзіңке өндіру ісіне пайдаланудың жолын тапты, – деп хабарлайды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Ғылыми-зерттеу жұмысына оқу орынның профессоры, техника ғылымдарының кандидаты С.А. Сәкібаева жетекшілік жасаған.
Осылайша ғалым мұнай өңдеу зауыттарында жиналып қалған мұнайдың органикалық қоймалжың қалдығынан түрлі рәзіңке төсеніштер мен көлік доңғалақтарын жасауға пайдаланудың тың тәсілін тапты. Бұдан басқа мұнай қалдығынан зауыт, фабрикаларға қажет өндірістік ленталар да алуға болады екен.
Ғалымның жұмысы мұнай өңдеу зауыттарында жинақталған өндірістік қалдықты кәдеге жаратуға кеңінен жол ашатына сөзсіз. Бұл жоба өз кезігінде рәзіңке бұйымдар жасау үшін Қазақстанға сырттан әкелінетін шикізаттың көлемін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік беретінін де айта кетуіміз керек. Ең бастысы ғалымның тың жаңалығын өндіріске еңгізіп пайдасын көруіміз керек.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар