Ғылыми жаңалықтар

Д.В. Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия инстиуты ғалымдары жаңа фотоэлектрлік зат алудың жолын тапты

30.11.2016

5165

Д.В. Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия инстиуты ғалымдары кадмий мен селеннен қуат көзін өндіретін фотоэлектрлік зат алды, – деп хабарлайды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Ғылыми-зерттеу институты ғалымдары бұл жұмысты Белорусь мемлекеттік университетіндегі әріптестерімен бірлесіп атқарғанын айта кетуіміз керек. Зерттеу жұмысына институттың ғылыми қызметкері, PhD доктор К.А. Оразов жетекшілік жасаған.
Ғылыми жұмыстың басты мақсаты – CdSec сымының микронанолық дәрежедегі өлшемінің стехиометриялық құрамдарын бір-біріне жалғаудың арзан жолын табу болатын. Өз кезегінде ғалымдар электрохимиялық және химиялық тәсілдерге сүйеніп, күн көзінен қуат алудың тиімді тәсілін тапқан.
Қазақ-белорус ғалымдарының тізе қосып іске асырған жобасы алдағы уақытта түрлі электр құрылғылар өндіру ісіне пайдаланып, қуат көзін үнемдеуге кеңінен жол ашатын болады.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар