Қазақ ғалымдары инфекциялық-ісікті басатын жаңа дәрі ойлап тапты
29.11.2016
6088
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ ғалымдары дәрілік шөптерден инфекциялық-ісікті басатын препарат алудың жолын тапты, – деп хабарлайды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Ғылыми жұмысқа биология ғылымдарының докторы Т.А. Карпенюк жетекшілік жасаған. Ол өз жұмысына Қазақстан аумағында өсетін ұзын саны 20-ға жететін жабай шөптес өсімдіктерді пайдаланған. Олардың қатарында Onagraceae, Polygonaceae, Fabaceae, Rosaceae, Saxifragaceae, Asteraceae, Urticaceae, Peganaceae, Chenopodiaceae, Lamiaceae, Apiaceae, Linaceae, Alliaceae, Papaveraceae сынды өсімдіктер бар. Зерттеу жұмысының нәтижесінде құрғақ экстраттар алынған.
| «« | »» |