Өзектi

Отандық ғалымдары қазақтың ақ бас сиырының өнімділігін арттырудың жолын тапты

30.09.2016

5101

Солтүтсік Қазақстан облысындағы Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ ғалымдары «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның қолдауымен қазақтың ақ бас сиырының тұқымын жақсартып, әлемдік стандарттарға енуіне жол ашты. Бұл жайында «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ы Баспасөз қызметі хабарлайды.
Жобаға ғылыми-зерттеу институтының мал шаруашылығы бөлімінің жетекшісі А.Қ. Естанов жетекшілік жасағанынын айта кетуіміз керек. Қазақтың ақ бас сиырының сапасын жақсарту барысында отандық ғалымдар сырт елден әкелінген герефорд тұқымының өнімділік көрсеткіштерін салыстырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Өз кезегінде ғалымдар қазақтың ақ бас сиырының генетикалық ерекшелігіне баса мән беріп, құнарлы азықтармен жемдеп, ауқымды ет алудың тың технологиясын ойлап тапқан. Осылайша отандық ғалымдар қазақтың ақ бас сиыры тұқымын азықтандыруда аз шығын жұмсап, көп өнім алудың технологиясын әзірледі. Олар өздері әзірлеген технология алдағы уақытта ел аумағында жергілікті аша тұяқтылардың санын арттырып, сырттан әкелінетін асыл тұқымды ірі қаралармен бәсекеге түсіне кеңінен жол ашатынын алға тартып отыр.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар