Өзектi

Жапондар Тынық мұхитының табанынан қазына тапты

01.09.2016

4893

Жапонияның Токио университетінің ғалымдары Тынық мұхитының табанынан кобальт пен сирек кездесетін жер металдарының мол қорын тапты деп хабарлайды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ның Баспасөз қызметі.
Ғалымдар 5,5 метр болатын тереңдікті мұқият зерттегенде қалыңдың 5-10 сантиметр болатын қоңыр-қара түсті тау жыныстары 44 мың шаршы метр жерді алып жатқанын байқаған.
Дәл осында сирек кездесетін металдың қоры Кюсю аралыннан да табылған еді. Ал жаңадан табылған металдың қоры әлдеқайда көп. Жер асты байлығы Жапонияның өндірісті аймағына жақын орналасқан.
Токио университетінің профессоры Ясухиро Катоның ойынша, су түбіндегі жер асты байлығын игеретін мүмкіндік туса, Жапония түсті маталды сырттан экспорттауды мүлде тоқтататын мүмкіндігі бар екенін айтты.
Қазіргі таңда жапондар түрлі электроника мен электромоблилдер шығаруға қажетті түсті металдың бәрін сырт елдерден экспорттап отыр. Егер 5,5 мың метрлік тереңдікте жатқан қазба байлықты игеретін мүмкіндік туса, жапондардың әлмеді аузына қаратары сөзсіз.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар