Өзектi

БҒМ Жауапты хатшысы ҚМУ-да болды

26.08.2016

5778

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов жұмыс сапармен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде болып, бірқатар нысанды аралады.

Әмірхан Мұратбекұлы алдымен оқу орнының «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының көрме залында болып, Сыр өңіріндегі археологиялық және тарихи-мәдени ескерткіштердің зерттелу тарихымен танысты. Өлкеде өркендеген археологиялық мәдениеттерге байланысты дайындалған арнайы тақырыптық стендтер мен қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлерді аралап көрді. Сонымен қатар, «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залы, «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана және мұражайды аралап, материалдық-техникалық база, университет ғалымдарының ғылыми жобаларымен танысты.

Өз кезегінде университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов университеттің миссиясы, білім беру қызметі мен ғылыми әлеуеті және халықаралық байланысы жөнінде таныстырып өтті.

Дереккөзі: edu.gov.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар