Өзектi

Темірлан Рахимов «Туймаада - 2016» халықаралық олимпиадасында алтын иеленді

27.07.2016

5688

Дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Темірлан Рахимов Саха Республикасында өткен «Туймаада-2016» халықаралық олимпиадасында химия пәнінен бірінші орын иеленді.

Математика, физика, химия және информатика пәндерінен ұйымдастырылған бұл білім сайысына Қазақстан, Румыния, Болгария, Татарстан, Мордовия, Солтүстік Осетия, Ресей елдерінен 175 оқушы қатысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Атап өтер жайт, «Туймаада-2016» биылғы жылы XXIII рет өткізілуде.

Темірлан осыған дейін ағылшын тілінен республикалық олимпиадаға қатысып, жеңімпаз атанған болатын. Кейін химия пәніне ауысып, міне, өз білімін тағы бір мәрте дәлелді. Ол республикалық жарыстардан екі рет жүлдегер атанған, еншісінде бір алтын, бір күміс бар. Ал, Якутиядағы олимпиада оның халықаралық деңгейдегі тұңғыш жарысы. Бұл жолы да Темірлан әлемнің дарындарын артта қалдырып, алтынға қол жеткізді. Жас баланың спортқа да бейімі бар, футбол ойнағанды ұнатады. Жасөспірімдер құрамында доп тебеді. Темірланмен 7-інші сыныптан бері бірге жұмыс істеп келемін», - деді дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының химия мұғалімі Алмас Ордабаев.

Айта кетерлігі, халықаралық олимпиадада Санжар Совет, Жанай Орал, Темірлан Рахимов пен Амангелді Сарсембай Павлодар облысының намысын қорғады. Барлығы қазақ-түрік лицейінің оқушылары. Темірлан бірінші орын иеленсе, Амангелді Сарсембай олимпиададағы жоғары көрсеткіштері үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.


Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар