Өзектi

Техникалық мамандарды дайындау үшін ШҚО-да 4666 білім гранты бөлінді

22.07.2016

5106

Шығыс Қазақстанда 2016-2017 оқу жылдарына техникалық мамандарды дайындау үшін жергілікті бюджеттен 4666 білім гранты бөлінді.

Гранттардың басым бөлігі техникалық мамандықтарға арналып отыр - биылғы оқу жылының басты ерекшелігі осында. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2017 жылдан бастап, Қазақстанда кәсіби және техникалық білім беру барлық түлектер үшін тегін болады.

Биыл бөлінген гранттардың 3306 орын - жұмысшы мамандықтарға арналса, оның ішінде 1195 гранты ауылдық колледждердің үлесіне тимек.
Гранттардың негізгі бөлігі (200) өңірде көп жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан, материалдық-техникалық базасы мықты «Өскемен көп салалы технологиялық колледжіне» тағайындалды. Мұнда қазақ және орыс тілдерінде, экономиканың - энергетика, құрылыс, метал өңдеу және қызмет көрсету салалары бойынша 11 мамандыққа оқыту жүргізіледі.

Колледждің әлеуметтік серіктестері қатарында еліміздің тау-кен, металлургия және металл өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, энергетика, геологиялық барлау және дәнекерлеу өндірісі саласындағы ірі кәсіпорындар бар. 60 жылдық тарихы бар оқу орны кезінде Үлбі металлургиялық зауыттың өндірістік училищесі болған. Бүгінде бұнда токарь, темір ұстасы, ағаш шеберлері, электриктер, қызмет көрсету мамандары және т.б. дайындалады.

Колледжге оқуға түскен жастарға стипендиялар тағайындалады, көліктік шығындар өтеледі, әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан түлектерге тегін тамақтандыру қарастырылып отыр.

ШҚО-да жұмысшы мамандықтар бойынша 20 колледж оқыту жүргізеді. Гранттар барлық кәсіби және техникалық білім беру мекемелеріне үлестірілді. Алайда сұраныс деңгейіне байланысты олардың әр колледждердегі үлесі әртүрлі. Мәселен, 125 грант «Риддер көп бейінді колледжіне» беріліп отыр, Зырян аудандық технологиялық колледжіне - 105, «Глубоков аграрлық колледжіне» - 120, «Өскемен қаласының қызмет көрсету саласы колледжіне» 195 грант бөлінген.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар