Степногорлық оқушы Лас-Вегаста ментальды арифметика бойынша өтетін әлем чемпионатына қатыспақ
11 жастағы степногорлық оқушы Лас-Вегаста ментальды арифметика бойынша өтетін әлем чемпионатында Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын болады.
Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
11 жастар Әзиз Кәмелиден көп сандарды санауда алдына жан салдырмайды. Ол осындай зерек қасиетінің арқасында ментальды арифметика бойынша өткен республикалық олимпиада да топ жарды.
Еске сала кетсек, Әзиздің ерекше қабілетін дамытуға мүмкіндік беріп отырған Степногор қаласындағы «Мега арифметика» интеллектуальды дамыту орталығы өткен жылдың күзінде ашылған болатын. Орталық қазірдің өзінде өзінің талантты шәкірттерімен мақтана алады.
Солардың бірі Әзиз Кәмелиден сандармен арифметикалық операциялар жасауда еш қиындық жоқ деп отыр.
«Математикам сабағында бізге мұғалім көп сандарды тез есептеуді тапсырды. Мен сол кезде сыныпта еш үздік нәтиже көрсеттім», - дейді Әзиз.
Әзиздің ұстаздарының айтуынша, зерек бала сандарды арасында 0,4 секунд салып оқи алады. Алдағы уақытта оны екі есеге дейін жылдамдату жоспарда бар.
Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша Әзиз Кәмелиден Астанада өткен «Мемориад» ментальды арифметика бойынша олимпиада да өз жасындағылар арасында бірінші, жалпы есепте үшінші орын алды.
Ал дүниежүзілік «Мемориад» ментальды арифметика бойынша олимпиада да жеңіске жеткен оқушы Гиннестің рекорттар кітабына енетін болады.
Дереккөзі: inform.kz