Ғылыми жаңалықтар

АҚШ және Жерорта жағажайларын адам жейтін бактериялар жаулап алды

11.07.2016

5690

Сонау 2010-жылы Мексика шығанағындағы мұнай станциясы жарылып, қоймалжың сұйық теңіз бетіне төгілген болатын. Төгілген мұнай 100 шаршы шақырымға жайылып, аталмыш аймақта апаттық жағдай орын алған еді.

Тосын апаттан құтылудың жолын іздестірген жауапты органдар Хемильтон Смит есімді ғалым ойлап тапқан «Синтия» бактериясына үміт артқан еді. Кейінірек осы жаңалығы үшін Нобель сыйлығын иеленген Смит ойлап тапқан «Синтия» бактериясы мұнай қалдықтарын бірте-бірте жеп тауысуы тиіс болатын.

Алайда, гендік мутацияға ұшыраған бактериялар уақыт өте келе тірі организмдерді «жеуге» көшкен. Бактерия жіберілген аумақта бірнеше мәрте түсініксіз оқиғалар алған. 5 000 құс пен 100 000 балықтың жаппай қырылуы осы бактериялардың ісі екені енді ғана айтылып отыр.

Апатты ауыздықтау жұмысына қатысқан British Petroleum компаниясының 128 қызметкеріне билік өкілдері мемлекеттік денсаулық сақтау бөлімшелеріне баруға тыйым салғаны да аталмыш жұмыстардың шикілігінен хабар бергендей.

Guardian агенттігі жариялаған деректерде АҚШ ауруды емдеу және бақылау орталығының мәліметтері келтірілген. Онда тек 2014-жылдың өзінде бактерияның кесірінен 97 адам науқастанғаны, оның 27-сі кейіннен көз жұмғаны айтылады.

Мамандардың айтуынша, «Синтия» бактериясы адамға екі түрлі жолмен беріледі. Суға түскен адамның денесіндегі жара, тіпті кішкене сызаттың өзі бактерияның азғаға енуіне жетіп жатқан көрінеді. Ал, екінші жолы – бактерия жұқтырған теңіз жәндіктерін жеу арқылы. Осы екі жолмен ағза түскен бактерия тері мен бұлшықет арасына жайылып, жасушалардың жойылуына алып келетін токсиндер шығара бастайды.

Guardian агенттігі келтірген деректе техастық тұрғын бактериялы суға аяғын жуғаннан кейін не болғанын айтып берген. Бар болғаны бірнеше сағаттың ішінде аурудың асқынғаны сонша, әлгі жігіттің аяғын кесіп тастауға мәжбүр болған.


Дереккөзі: muslim.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар