Ғылыми жаңалықтар

ҚР Президенті «Сколково» қоры басшысының инновациялар саласында екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы бастамасын қолдады

17.06.2016

4531

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Сколково» қорының басшысы Виктор Вексельбергтің инновациялар саласындағы екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық туралы бастамасын қолдады.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясының іскер топтар өкілдерімен кездесуінде сөз сөйлеген «Сколково» қорының басшысы Виктор Вексельберг Қазақстан мен Ресей инновациялық бағыттардағы ынтымақтастық форматында ұйымдастырылуы қажетті зияткерлік әлеуетке ие екенін атап өтті.

В.Вексельберг «Сколковода» инновациялық орталық құру жобасы туралы атап өтті.

«Осы бағытта жетістіктерге жеттік. Жоба аясында бір жарым мыңнан астам компания жұмыс істейді, жаңа инновациялық орындар саны 18 мыңнан асты. Қазақстандағы әріптестерімізбен ынтымақтастық пен серіктестікте де біз осындай табысқа жетеміз деген ойдамыз», - деді ресейлік бизнесмен.

В.Вексельберг ҚР Президентін соңғы екі жылда «Сколковоның» Startup Village бастамасы аясында Қазақстанның да қатысып жатқаны жайлы айтты.

«Ағымдағы жылы ғана бұл байқауға қатысу үшін Алматыда 230 өтініш келіп түсті. Бұл жобаға деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді. Өткен жылға қарағанда 30% артық. Бұл ынтымақтастықты дамытқымыз келеді. Сіздің қолдауыңызбен келесі жылы қатысушы қалалардың санын арттырамыз. Бұл бастапқы ынтымақтастықтан Ресейдің, Қазақстанның, сондай-ақ өзге елдердің нарығында нақты жобаларды алға жылжыту деңгейіне көшуге мүмкіндік береді», - деді В.Вексельберг.

В.Вексельберг Технологиялық даму бойынша агенттіктің «Сколково» сарапшылар кеңесіне 60-тан астам қазақстандық зерттеуші мен ғалымды енгізу ұсынысы жайлы айтты.

Сөз соңында В.Векельберг 2017 жылы «Сколково» қоры «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесіне белсенді қатысуды жоспарлап отырғанын растады.

Ол қазақстандық тараптың «Сколково» ғылыми парктер халықаралық форумына қатысатынына үміт білдірді.

Өз кезегінде, Қазақстан Президенті бұл ықпалдастық өте маңызды екенін тілге тиек етті.

«Ынтымақтастықтың бұл бөлігі біз үшін маңызды. Біз өз тарапымыздан мұны жан-жақты қолдаймыз», - деді Мемлекет басшысы.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар