Ғылыми жаңалықтар

Алматы облысында инновациялық жобалар байқауы басталды

09.06.2016

4840

Алматы облысында өнертапқыш жастардың дәстүрлі инновациялық байқауы өтіп жатыр. Оған Жетісу өңірінің әр аймағынан іріктелген 23 жобаның авторлары қатысуда. Олардың арасында әр салада қызмет етіп жүрген жас ғалымдармен қатар жоғары оқу орындарының білімгерлері мен мектеп оқушылары бар. Сарапшылардың айтуына қарағанда, облыс әкімінің 5 миллион теңге грантын ұтып алуға келген биылғы үміткерлердің жұмыстары үлкен бәсеке тудырып отыр. Тақырыптары әралуан. Бірі электронды микроскопты жетілдірсе, енді бірі сарқылмайтын қуат көзін жасауға әрекет еткен. Туризмді насихаттау мен жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы мен көкөніс өсіру жайында да қызықты жобалар бар. Бақтияр Бақыткелдіұлы, байқауға қатысушы: - Мұндай инновациялық байқаулар бізге – жастарға, әсіресе жас ғалымдарға өте қажет. Өйткені қазақ елінің дамуы үшін біздің жаңашыл, идеяшыл жастар бар. Жас ғалымдар өте көп. Оларға қолдау болып жатса, қазақ елінің дамуы жылдамданады.

Дереккөзі: 24.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар