Өзектi

Қазақстандағы ЖОО ұстаздарының рейтингісі белгілі болды

30.05.2016

5361

Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы оқытушылар мен мамандардың 2016 жылғы рейтингісін жария етті.

Бас рейтингтің қорытындысына сүйенсек, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жалпы және теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, университет жанындағы халықаралық теориялық физика орталығының директоры Рәтбай Мырзақұлов Қазақстандағы елу ұстаздың рейтингісін бастаған.

Р.Мырзақұлов сондай-ақ импакт-факторы бар журналдарда жарық көрген ғылыми мақалалардың саны бойынша да бір жылдың ең үздік ұстазы ретінде танылған.

«Айта кетерлігі, ғалым «Springer» ғылыми мамандандырылған журналдар баспасының ««Top Springer Author 2015» жүлдесіне ие. Жалпы, оқытушылардың рейтингісіндегі алғашқы елу орынның ішінде Еуразия Ұлттық университетінің тағы 14 ұстазы бар. Еуразия ұлттық университеті білім беру, гуманитарлық ғылымдар, құқық, өнер, экономика мен бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар мен технология, әскери іс пен қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлап отырған рейтингтің алғашқы орындарына ие», - дейді университеттің ұстаздар қауымы.

Автор: Кенжекей Тоқтамұратқызы

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар