Өзектi

Астанада жоғары білім көшбасшыларының V Еуразиялық форумы басталды

27.05.2016

5026

Назарбаев университетінде Жоғары білім көшбасшыларының V Еуразиялық форумы басталды. Биылғы форум тақырыбы - «Жоғары білім және экономиканы жаңғырту: инновациялық және кәсіпкерлік ЖОО-лар».

Жоғары білім көшбасшыларының Еуразиялық форумына Ұлыбритания, Израиль, Қытай, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан және АҚШ-тан 300 делегат қатысып жатыр.

Форум барысында білім мен ғылымның жаңа жетістіктерін жинақтай білген Назарбаев Университетінің тәжірибесін басқа ЖОО-ларға қолдану тәсілдері талқыланады. Назарбаев университетінің профессорлары мен қызметкерлері университеттегі академиялық сапа, корпоративті басқару, ғылыми зерттеулерді жүргізу, инклюзивті білім беру мәселелері бойынша дәрістер өткізбек.

Пленарлы отырыста Тель-Авив университетінің президенті Джозев Клафтер, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Алматы менеджмент университетінің президенті Асылбек Қожахметовтер негізгі спикерлер ретінде сөз алады деп күтілуде.

Автор: Кенжекей Тоқтамұратқызы

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар