Өзектi

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдаудың бірінші кезеңі аяқталды

27.05.2016

4894

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 141 бұйрығына сәйкес 2016 жылғы 11 сәуір мен 13 мамыр аралығында «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдаудың бірінші кезеңі өткізілді.

Көрсетілген кезеңде қабылданған құжаттардың жалпы саны - 276, олардың ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қабылдағаны - 168, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 47, «электронды үкімет» порталы арқылы- 61. Бұл ретте академиялық оқуға 215 үміткер, тағылымдамаға 61 үміткер тіркелген.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау үш кезеңде өткізілетіндігін еске саламыз: бірінші кезең - 11 сәуір - 13 мамыр; екінші кезең - 13 маусым - 29 шілде; үшінші кезең - 15 тамыз - 30 қыркүйек, деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметінен.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар