Өзектi

Назарбаев Университеті зертханасы адамның қартаю процесін зерттемек

18.05.2016

5521

Назарбаев Университеті National laboratory Astana мен «Insilico Medicine» компаниясы адамның қартаюы мен жасқа тән ауытқушылықтарға байланысты бірлесе зерделеу үшін ынтымақтастық келісіміне қол қоюға ниетті.

Бұл туралы аталған ЖОО-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Назарбаев Университеті National Laboratory Astana бас директоры Жақсыбай Жұмаділовтің айтуынша, зертхана ғалымдары зерттеу жұмыстарының басым бағыттарының бірі ауру-сырқаусыз қартаю және өмір жасын дені сау күйінде ұзарту мәселелері болып отыр.

«Сондықтан, біз қартау процесін зерттеу үшін жасанды интеллектті қолдану саласында ірі әзірлемелерге ие Insilico Medicine компаниясымен ынтымақтастыққа дайынбыз», - деді ол.

Тараптар келісім аясында көптеген үлгілердің мәліметтері негізінде адам қартаюы барысында биомаркерлерінің (денсаулық жай-күйінің индикаторлары) жасанды түрде интеллектуалды дамытуға күш салмақ. Мұнан бөлек, «Insilico» компаниясы сау тін мен ауруға шалдыққан тіннің арасындағы теңгерімді өзгерістерді бағалау, түрлі жастағы тіндерді салыстыру сынды қосымша қызметтермен де қамтамасыз ететін болады.

«Назарбаев Университеті заманауи құрал-жабдықтары мен жетекші халықаралық университеттерде білім алған біліктілігі жоғары қызметкерлері бар Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы қарқынды дамушы университеттердің бірі саналады. Бұл мекеме ең алдыңғы қатарлы технологиялардың жүзеге асырылатын орнына айналған. Біздің компания өмір ұзақтығын зерттеуде жоғары технологиялық шешімдерді жеткізушілердің бірі болатындығы қуантады», - деді «Insilico» компаниясының бас директоры Александр Жаворонков.

Автор: Марлан Жиембай

Дерккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар