Өзектi

TWESCO Астанада «Ұлы дала» гуманитарлық ғылымдар форумын өткізеді

17.05.2016

5562

Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) 23-24 мамыр күндері Астана қаласында «Ұлы дала» гуманитарлық ғылымдар форумын өткізеді. Бұл туралы академияның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда тұңғыш рет өткізілгелі отырған форумға әлемнің 20-ға жуық елінен мемлекет және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйым басшылары, дипломаттар мен әйгілі ғалым-зерттеушілер қатысады деп күтілуде.

Түркітілдес елдер тәуелсіздіктерінің 25 жылдығы қарсаңында, Түркі жазуы күніне орай ұйымдастырылған алқалы жиынның негізгі мақсаты: Ұлы дала құндылықтарының адамзат өркениеті дамуындағы орны мен маңызын пайымдау. Сонымен қатар, қазіргі заманғы гуманитарлық ғылымдардың даму үрдістерін түркі әлемін зерттеу саласындағы тәжірибені жинақтап, идеялармен алмасу және іргелі бағыттарды анықтау көзделген.

Айта кету керек, 4 панельді отырыстан тұратын халықаралық форум аясында көрнекті ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов пен танымал түркітанушы ғалымдарды TWESCO арнайы алтын медальдерімен марапаттайды.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар