Жапониялықтар Қазақстан аумағында тіршілік еткен ежелгі мүйізтұмсық туралы фильм түсіруде
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының мұражай кешенінде Жапонияның ірі FUJI.TV co.Ltd. TOKYO телекомпаниясында шығатын «Sekai no Nanda Kore Mystery» телебағдарламасының сюжеті түсіріліп жатыр, деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметінен.
Компания операторы Нэгоро Акихитоның сөзіне қарағанда, фильм Elasmotherium sibiricum сібірлік эласмотериясына арналған, ал ондағы қаңқалар ПМПИ-дің мұражайлық кешенінде көрсетіледі.
Бірлескен қазақстандық-ресейлік ғылыми зерттеулердің нәтижесінде Павлодар облысындағы ғылымға танымал ежелгі мүйізтұмсық-эласмотерия қалдықтары 320 мың жылдан жасырақ екені анықталды. Бірлескен зерттеулер нәтижесі American Journal of Applied Sciences ғылыми журналында жарияланды және бұл жайында Франция, Нидерланды, Үндістан және АҚШ ғалымдары пікірлерін жазған.
Дереккөзі: inform.kz