Өзектi

5 млн. жыл бұрын тіршілік еткен алып киттің тісі Австралия жағалауына шығып қалды

22.04.2016

5490

Австралиялық Мельбурн қаласының тұрғыны жағажайда серуендеп жүріп киттің алып тісін тауып алды. Ғылыми қызметкерлерден алынған деректерге сәйкес, бұл артефактке шамамен бес миллион жыл болған. Ғалымдардың болжауынша, бұл сүтқоректінің ұзындығы 18-20 метрге жетуі, ал салмағы 40 тоннаны құрауы мүмкін.

Болжам бойынша, мұндай киттер бұрын Америка жағалауларында мекен еткен, ал олардың тістерінің өлшемі тираннозаврлердікіне қарағанда әлдеқайда үлкен болған.

Атап өту керек, осыған дейін тұрғындар Мельбурн маңынан көне хайуанаттардың сүйектерін тапқан. Алайда ғалымдар олардың қандай тіршілік иесі екендігін тап басып айтып бере алмады.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар