Өзектi

Cаяси тұрақтылық және экономикалық даму

13.04.2016

4801

2016 жылдың мамыр айының 16-18 жұлдыздары аралығында Алматы қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты «Cаяси тұрақтылық және экономикалық даму» тақырыбында II. Халықаралық экономика, қаржы және энергия конгресін өткізеді.
Саяси тұрақтылық - экономикалық даму немесе саяси-экономикалық тұрақсыздық тақырыптары бойынша көптеген теориялық және эмпирикалық ғылыми-зерттеулер жүргізілгені мәлім. Осыған орай конгресті ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз - дүниежүзіндегі мемлекеттер, әсіресе Еуразия аймағындағы елдер тұрғысынан экономикалық даму мен саяси тұрақтылық арақатынасын ғылыми тұрғыдан ашып көрсету, бұл тақырыпта жүргізілген зерттеулер қорытындысын қызығушылық танытқан тараптармен бөлісу және болашақ жобаларды бірге жүзеге асыру болып табылады. Конгресс көптеген елдерден келіп қатысатын ғылыми қызметкерлер мен сарапшыларға Еуразия мемлекеттері тұрғысынан экономикалық даму мен саяси тұрақтылық арақатынасын кеңінен талқылауға мүмкіншілік туғызатындығына сенімдіміз.
«« | »»
Соңғы жаңалықтар