Өзектi

Батысқазақстандық университеттің қос бірдей ғалымы үздік оқытушы атанды

29.12.2015

5694

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің қос бірдей оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, кәсіптік практика және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы Бейбіт Нәсиев пен ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, доцент, агрономия факультетінің деканы Диамара Төлегенова ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған дәстүрлі «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.


null Университеттен Динара Есентаеваның хабарлағанындай, аталған ғалымдар 2015 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі үздік 200 оқытушының қатарына еніп, грантқа ие болды.


Айта кетейік, Бейбіт Нәсиұлы аталмыш грантты осымен екінші рет иеленіп отыр. Ол 2009 жылдың қорытындысы бойынша да озық шыққан еді.


Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар