Өзектi

Инновацияларды ынталандыру жобасы аясында инновациялық консорциум құрылады

24.12.2015

4489

Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы аясында инновациялық консорциум құрылады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті. Еске салайық, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы) ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданған болатын.
«Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасының тағы бір құрамдасы - инновациялық консорциумдар. Бұл мақсатқа шамамен 35 млн. доллар бөлінеді. Қаражат негізінен біздің университеттер, зерттеу институттары мен кәсіпорындар арасында құрылатын инновациялық консорциумды қоса қаржыландыруға жұмсалады», - деді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

Оның айтуынша, жоба аясындағы қаражаттың 25 млн. доллары - өндірістік секторға, 10 млн. доллары - әлеуметтік саладағы, соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, ауыз судың қолжетімділігі секілді жобаларға жұмсалатыны қарастырылған.

«Конкурстық негізде жекеменшіктік венчурлық қор іріктеп алынады. Сонан соң бастапқы инвестициялар қоры құрылады. Соның аясында перспективалы делінетін, жаңа технологиямен нарыққа шыға алатын стартап компаниялар қаржыландырылады», - деді А.Сәрінжіпов.

Автор: Қанат Мәметқазыұлы

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар