Өзектi

«Әлемді өзгертетін идеялар» байқауының жеңімпаздары марапатталды

18.12.2015

5303

Астанада «Әлемді өзгертетін идеялар» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды.
Оған барлық өңірлерден Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары қатысты. Қыркүйек айында басталған байқаудың ең үздік материалдары ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасына жолданды.

Іріктеу кезеңіне жалпы 49 мұғалім қатысты. Олар Н.Назарбаевтың 22 еңбегі бойынша 40 жобаны ұсынған болатын. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің кітаптары бойынша әдістемелік зерттеулерін ұсынды.

«Шараның басты мақсаты - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында белгілеген идеялары мен бастамаларын зерттеп, білім беру барысында инновациялық тұрғыда қолдану. Біздің ұстаздар өз еңбектерін әдістемелік құрал ретінде дайындап, онда ең бастысы Назарбаевтың еңбектерінде айтылған реформалардың кім үшін жасалып жатқанын, оның не мақсат көздегендігін түсіндірген. Жас мектеп оқушылары сол құралдар арқылы Елбасының басты деген еңбектерін ұғына алады. Ұлт Көшбасшысының еңбектері мен кітаптары жас ұрпақ үшін жеке тұлға ретінде қалыптасуға үлкен серпін береді», - дейді Ұлт Көшбасшысы кітапханасының директоры Бейсембай Жұмабеков.

Шара Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы өкілдерінің ұйымдастыруымен өткен еді. Байқау жеңімпаздарына және номинанттарына сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар