2016 жылғы 1 наурызға дейін жаңа Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзірленеді
Жылдың соңына дейін 2016-2019 жылдарға арналған Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен жаңа әлеуметтік саясат шеңберінде: әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру, әлеуметтік атаулы көмектің жаңа форматын енгізу тәжірибесін кеңейту, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын айқындау әдіснамасын өзгерту, сондай-ақ азық-түлік себетінің құрамын және тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларын қайта қарау мақсатында 2030 жылға дейін әлеуметтік даму Тұжырымдамасы өзектілендірілетін болады», - деді Е. Досаев.
Оның айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін 2016-2019 жылдарға арналған Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, 2016 жылғы 1 наурызға дейін жаңа Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзірленеді.
Сонымен қатар министр 2017 жылдан бастап білім беру саласында «Баршаға арналған кәсіптік-техникалық тегін білім» туралы жаңа жобаны іске асыру басталатынын атап өтті.
Автор: Руслан Ғаббасов
Дереккөзі: inform.kz