Өзектi

Роботтар жапондардың үштен екісін жұмыссыз қалдырады

08.12.2015

5341

Жапонияда алдағы 10-20 жылдың көлемінде жасанды интеллектуалды роботтар жұмысқа қабілетті адамдардың үштен екі бөлігінің орындарын басатын болады.
Жапонияның Номура институтымен бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізген Оксфорд университетінің мамандары көше сыпырушы, таксист, супермаркеттер сатушысы болып істейтін роботтардың бірінші болып адамдардың жұмыс орындарымен таласатындарын көрсетіп берді. Мұндай тұжырым Жапонияда мейлінше кеңінен тараған кәсіптер бойынша қалыптасқан біліктілік пен дағдыларды компьютер арқылы саралап шығу негізінде жасалды. Оның нәтижесінде таяу жылдары жасанды интеллектуал аппараттарының елдегі 601 түрлі жұмыс түрінің 235-ін атқара алатыны анықталды. Бұл шамамен 25 миллион жапон азаматының орнын роботтардың баса алатынын көрсетеді. Ал бұл көрсеткіш еңбек етуге қабілетті ел тұрғындарының 49 пайызын қамтиды.
Зерттеу қорытындысы, сонымен бір­ге, адамдармен барынша тығыз немесе креативті қарым-қатынас жасаумен ұштасатын кәсіптердің жасанды интеллектуалдар үшін оншалықты үйлесімді бола бермейтінін де байқатты. Мұндай тізімге кіргендер арасында мұғалім, экскурсия жасатушы, дәрігер, шаштараз, музыкант, актер және басқа да шығармашылық саласындағы мамандықтар бар.
Мұрат АЙТҚОЖА.

Дереккөзі: egemen.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар