Ғылыми жаңалықтар

Қазақстандағы ғарыш күндері

04.12.2015

5179

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинар уақытында жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің қызметтері мен өнімдеріне жеңілдікті сертификаттардың ұтыс ойыны өткізіледі

АСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ – «Қазақстандағы ғарыш күндері - 2015» алдағы 3-ші халықаралық семинар шеңберінде ерекше акция - жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің (ЖЖНЖ) қызметтері мен өнімдеріне жеңілдікті сертификаттардың ұтыс ойынын өткізу жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Сарайында (Астана) 2015 жылы 27 қарашада өтетін халықаралық ғарыш форумының қатысушылары мен қонақтары сертификаттарды ұтып ала алады, олар роверлерді салыстырып тескеруге, автомобильдің GPS-терминалдарын және меншікті өндіріс роверлерін сатып алуға, сондай-ақ жоғарыдәлдікті (сантиметрлік дәлдік) координаттар алуға жазылу құқығына және көліктің GPS мониторинг жүйесіне тегін қызмет көрсетуге және т.б. жеңілдіктер құқығын береді.

«Біз акцияға қатысушылардың барлығы, берілген сертификаттарды пайдаланудан ең көп пайда мен табыс алады деп үміттенеміз», - дейді ЖЖНЖ орталығының бастығы Нұрған Кемербаев.

Дереккөзі: gharysh.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар