Ғылыми жаңалықтар

Қазақстандағы 5 мыңнан аса кәсіпорын 67 мың маманға мұқтаж - «Атамекен» палатасы

02.12.2015

5018

Қазақстандағы 5 мыңнан аса кәсіпорын 67 мың маманға мұқтаж. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барасында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев мәлім етті.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының биылғы жұмысының бірқатар қорытындысына тоқтала келе ол: «Биыл 5500-ге жуық кәсіпорында сауалнама жүргіздік. Сауалнама қорытындысы осы кәсіпорындарға 67 мыңнан аса маман жетпейтінін көрсетті. Бұл кәсіпорындар нақты қандай мамандық иелері керек екенін айтып, әзірге, нарықта ол мамандықтар бойынша жұмыс істейтіндер аз екенін айтты», - деді.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпорындарды керекті мамандармен, әсіресе, техникалық мамандық иелерімен қамтамасыз ету үшін биыл елімізде дуальді оқыту жүйесінің жол картасы қабылданған болатын. Міне, осы Жол картасына сәйкес кәсіпорын, колледж және болашақ маманмен арада үш жақты меморандумға қол қойылады. «Қазір осы Жол картасының аясында 16 мыңнан аса жас маман оқытылып жатыр. Жалпы, дуальді оқыту бағдарламасы 2015 жылдың қыркүйегінде, яғни 2015-2016 оқу жылдарының басында басталған болатын. Сондықтан, 2016 жылы кәсіпорындар тапсырыс берген алғашқы мамандық иелері еңбек нарығына жолдама алады»,-деді Н.Әлтаев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдан бастап техникалық білім тегін болатынын жариялаған еді.


Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар