Өзектi

Кәсіпорын өз алдына, оқу орны өз алдына жұмыс істесе, арасында студент зиян көреді - Т.Балықбаев

20.11.2015

6221

Жұмыс беруші өз алдына, оқу орны өз алдына жұмыс істесе, арасында студент зиян шегеді. Бүгін «Эксперт» клубының «Қазір қазақстандық білім бәсекеге қабілетті ме?» атты тақырыпта өткен отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев осындай ойын білдірді.
«Әрине, бір жағынан алып қарасақ, студент оқу жылдары өз саласында жұмыс істеп тәжірибе жинағаны - құптарлық іс. Дегенмен, студенттің оқу орнындағы миссиясы - білім алу. Идеясы - оқу. Өз мамандығы бойынша жұмыс тауып алған студентке жұмыс беруші белгілі бір талап қоятыны анық. Осылайша, жұмыстан босамаған ол оқуына үлгермейді. Сондықтан, біздің негізгі мақсатымыз - оқу мен өндірісті ұштастыру. Көп айтатын дуальді білім беру жүйесін жетілдіру. Қазір студенттердің өндірістік практикасын заңға міндетті етіп енгізіп жатырмыз»,-дейді вице-министр.

Т.Балықбаевтың айтуынша, «жұмыс беруші-оқу орны-студент» деген жүйе бір ізге қойылса, білім бәсекеге қабілетті, ал мамандар білікті болады.

«Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында «кәсіпорын-оқу орны-студент» үшеуі келісім құратын практика бар. Студент өзінің білімін өндірісте жетілдіре түседі де оқу біткеннен кейін сол жерде жұмыс істейді. Сондықтан, менің ойымша, осы бағыт дұрыс. Себебі, жұмыс беруші өз жайында, оқу орны өз жайында болса, екеуінің ортасындағы студент зиян көреді»,-дейді Т.Балықбаев.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар