Өзектi

ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СЕМИНАР ТРЕНИНГІСІ ӨТТІ

12.11.2015

6007

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Erasmus+ регионалдық семинар тренингісі өтті.

Семинарға Тараз қаласындағы жоғары оқу орындарының факультет декандары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен магистранттары және аталған бағдарламаның Қазақстандағы өкілдері қатысты.
Эразмус+ бағдарламасының Қазақстандағы өкілі Шайзада Тасболатованың айтуынша, шара Эразмус+ бағдарламасының іс-шараларына қатысу талаптарымен таныстыру, кандидаттарға жоба жасау бойынша тәжірибелік ұсыныстар туралы ақпарат берумен басталды.
Эразмус+ бағдарламасы – еуропалық жоғары білім сапасын арттыруға бағытталған жоғары білім беру саласындағы тәжірибе алмасу және ынтымақтастық, екі ел арасында диалог орнату және адамдар мен мәдениеттер арқылы үшінші мемлекеттермен қарым-қатынас құру бойынша Еуропалық одақ бағдарламаларының бірі.
Шара барысында бағдарламаның құрылымдарын анықтау мен жобалар түрлері, тапсырыстарды іріктеу сынды маңызды жұмыстар турасында ақпарат берілді. Мұнымен қоса, бағдарлама үйлестірушісі Шайзада Тасболатова кредиттік ұтқырлық, бірлескен магистрлік бағдарламалар, Мари Склодовска-Кюри мен Жана Моненің еуропалық докторлық бағдарламалары туралы баяндап берді.

Дереккөзі: tarsu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар