Өзектi

Үздік стартап байқауында бас жүлдеге 25 мың доллар тігілді

11.11.2015

5629

Астанада өтетін осы үздік стартап байқауына бастапқыда 312 түрлі жоба іріктеуге түскен. Қазылар алқасы тек ең үздік деп тапқан онына ғана финалға жолдама берді, деп хабарлайды 24.kz.
Қазақстан, Украина, Ресей, Германия және Қырғызстанның өнертапқыштары бас жүлде - 25 мың доллар үшін тартысқа түседі. Сыйақыны халықаралық инвесторлар желісі «Кросс Борде Энджелс» тағайындап отыр. Жеңіске үміткер жобалардың бірі - ұялы телефонға арналған «Уипон» қосымшасы. Ол тауардың сапасын анықтайды. Ал украиналық Михаил Скричевскийдің Люсидинг құрылғысы адам ұйқыға кеткенде, өз түсін қадағалап, оқиғаларды басқаша өрбітуге мүмкіндік береді.

"Бұл құрылғыға арнайы бағдарлама орнатамыз. Яғни түсті басқару қызметі шектеулі болады. Біздің бизнестің келешегі де осында жатыр. Адамдар оның мерзімін ұзарту үшін бізден бағдарламалар сатып алады»,-дейді жобаға қатысушы Михаил Скричевский.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар