«ХХІ ғасырдағы экологияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
2015 жылғы қараша айының 13 жұлдызында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жаратылыстану саласындағы белгілі ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Ақбасова Аманкүл Жақанқызының 70 жасқа толу мерейтойына орай «ХХІ ғасырдағы экологияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференцияға Орталық Азия, Түркия, Ресей, Еуропа мемлекеттерінен арнайы қонақтар мен баяндамашылар қатысады деп жоспарланып отыр.
Конференция бағыттары:
1. Өндірістік экологиялық қауіпсіздікті басқару
2. Адам экологиясы
3. Экологиялық білім беру мен тәрбиелеу
4. Экология саласындағы инновациялық технологиялар.
Конференция бағдарламасы төмендегідей 3 секция бойынша жұмыс істейді:
1. Өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірістерін экологизациялау.
2. Экология ғылымының педагогикалық аспектілері
3. Экология мен жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысы және бір-біріне әсері.
Дереккөзі: iktu.kz