Өзектi

Қазғарыш Канада ғарыш агенттігімен келісім орнатады

02.11.2015

5306

Астанада ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің (Қазғарыш) төрағасы Талғат Мұсабаевтың басшылығымен Канаданың «UrtheCast CORP» компаниясының өкілдерімен кеңес болып өтті, деп хабарлайды Қазғарыштың баспасөз қызметінен.

Шараға бизнесті дамыту бойынша вице-президенттер Бедзюк Сергей Васильевич пен Баррейро Лопез Альфонсо, Ресей және ТМД-да бизнесті дамыту бойынша директор Корниенко Михаил Алексеевич, сондай-ақ «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ-ның басшылығы қатысты.

«UrtheCast CORP» компаниясы «Gen-3» жұмыс атауы бар Жерді қашықтықтан барлау (ЖҚБ) спутниктік топты таныстырды.

Кеңес қорытындылары бойынша Канаданың «UrtheCast CORP» компаниясымен «KazSAR» қазақстандық радиолокациялық ғарыш аппаратын құру жобасын іске асыру аясында одан әрі ынтымақтасу мәселесін қарастыруды жалғастыру шешілді.

Бұдан басқа, Қазғарыш пен канадалық ғарыш агенттігінің арасында ведомствоаралық келісім орнату шешімі қабылданды.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар