Өзектi

Зерттеу: Бес жылдан кейін адамдар жасанды ет жеуге көшеді

02.11.2015

5515


АСТАНА. ҚазАқпарат - Голландияның Маастрихт университетінің мамандары алдағы уақытта, шамамен 2020 жылға қарай адамзат жасанды жолмен өсірілген мал етіне жеуге көшуі мүмкін екендігін айтып отыр.
Ресми мәліметтер бойынша, мамандар синтетикалық етті өндірудің бірегей технологиясын игере алған, сондықтан бес жылдан соң адамдар дүкендерден осындай өнімдерді сатып алып, бұған көз жеткізе алады.

Авторлардың айтуынша, бұл формула әлемде аштықпен күрес жүргізу үшін алынған. Оған қоса, мамандардың есептеуінше, бұл адамдардың ет үшін кей жануарлардың санын азайтуының алдын алып, сол жануарлардың түрлерін сақтап қалуға көмектеседі.

Сондай-ақ ғылыми қызметкерлер бірінші табысқа екі жыл бұрын жеткенін айтып отыр, яғни олар жасанды еттен гамбургер әзірлеген. Бұл ретте жасанды ет органикалық қасиеттері бойынша табиғи еттен кем түспеді. Бірақ оның бір үлкен кемшілігі бар екенін атап өту керек: бір гамбургердің бағасы 300 мыңға жуық еуроны құраған, деп жазады planet-today.ru.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар