Өзектi

Қытай Халық Республикасының ресми делегациясы ҚазАТУ-да

30.10.2015

6565

2015 жылы 23 қазан күні КХР ғылым және техника вице-министрі Цао Цзяньлинь бастаған делегация С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалык университетінде болды. Делегацияның келу мақсаты: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалык университетінің Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінде биоқауіпсіздік зертханасын құруды ортақ талқылау болып табылды. Шетелдік қонақтар ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің оқу ғимаратында болып, Ветеринарлық медицина кафедрасының жетекші оқытушалыры, профессор И.Т. Жакыпов, Б.Қ. Ибраевтың сабақтарына қатысты. Содан сон қонақтарға заманауи рентген құрал-жабдықтармен жасақталған рентген-кабинеті көрсетілді. Сапардың соңында делегация мүшелері С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалык университетінің студенттері және оқытушыларымен кездесті. Кездесуге «Ветеринарлық медицина» және «Ветеринарлық санитария» мамандығының жоғарғы курс студенттері қатысты.

Кездесу барысында Қытай мен Қазақстан арасындағы ғылыми-зерттеу бағытындағы халықаралық ынтымақтастық сұрақтары талқыланды. Кіріспе сөзінде ҚХР ғылым және техника вице-министрі Цао Цзяньлинь делегацияны жоғарғы деңгейде қарсы алғаны үшін университетке өз ризашылын білдірді. Ол өз сөзінде, биоқауіпсіздік зертханасын құру біздің университетімізбен халықаралық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығарып, студенттердің ғылыми әлеуетін одан ары дамытуға қолайлы фактор болып табылатының атап өтті. Өз кезегінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалык университетінің Басқарма төрағасы А.Қ. Күрішбаев қытай әріптестеріміз халықаралық ынтымақтастық мәселелерінде танытқан сенімділік үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, А.Қ. Күрішбаев биоқауіпсіздік зертханасын құру еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аса маңызды орын алатынын атап өтті. Кездесудің соңында Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетіне салтанатты түрде зертхананың атауы жазылған тақтайша табыс етілді.

Дереккөзі: kazatu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар