Өзектi

Мемлекеттік білім беру тапсырысы халықаралық аккредиттеуден өткен ЖОО-ларға ғана берілді

19.10.2015

6614

Мемлекеттік білім беру тапсырысы халықаралық аккредиттеуден өткен ЖОО-ларға ғана беріледі. Бұл туралы бүгін Астанада «Болашақ» бағдарламасының (BARCEF-2015) жыл сайынғы халықаралық конференциясында Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Иқсанова мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, бұндай норма білім беру мәселелері бойынша Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында қамтылған.

«Мемлекеттік білім беру тапсырысы халықаралық аккредиттеуден өткен ЖОО-ларда орналастырылады. Әрине, аталған норма Қазақстанда кадрларды даярлау сапасын арттырудың барлық негізгі тетіктерін белгілейді және елімізде білім берудің жалпы сапасын дамытуға, сондай-ақ бюджеттік қаржының тиімділігін арттыруға ықпал етеді», - дейді депутат.

Г. Иқсанованың айтуынша, бұл норма жоғары оқу орындары үшін 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар