Өзектi

Ғалымдар: Эбола вирусы ер адамдар ағзасында тоғыз айға дейін сақталуы мүмкін

16.10.2015

6198

Эбола вирусы ерлердің шәуетінде жұққан сәттен бастап тоғыз айдай сақталады, делінген New England Journal of Medicine ғылыми журналында жарияланған зерттеуде.
Зерттеу авторлары Сьерра-Леоненің дерттен айыққан жүздеген ер адамынан шәует сынамасын алған.

Дертті жұқтырғанынан жеті-тоғыз ай өткеніне қарамастан, зерттеуге қатысушылардың төрттен бірінен Эбола вирусы табылды. Ғалымдар бұл адамдар індетті тарата алатынын, болмаса таратуға қабілетсіз екенін анықтай алмады, деп жазады Би-би-си.

"Зерттеу емделгендерді 6 айдан 12 айға дейінгі уақытта да бақылап отыру керектігін көрсетті", - деді ДДСҰ Эболамен күрес бойынша өкілі Брюс Эйлвард.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар