Биылғы жылы химия саласында Нобель сыйлығының лауреаттары болып Томас Линдал, Пол Модрич және Әзиз Санкар танылды. Бірінші ғалым өз қызметін Англияда жүргізсе, оның екі әріптесі зерттеулерін АҚШ-та жүргізіп жүр. Олар сыйлықты ДНҚ репарациясы механизмдерін зерттеуде алға озғаны үшін алды.
Нобель комитетінің баспасөз парақшасында бұл үш ғалымның жұмысы «тірі ағзалардың қызметі, мәселен, обырмен күрес жүргізудің жаңа әдістерінде оларды пайдалану туралы іргелі білім екені» айтылды. Ғалымдар зақымдалған ДНҚ-ны ағзалармен қалпына келтіру қалай жүретінін және бұл ретте генетикалық ақпарат қалай сақталып отыратынын молекулалық деңгейде көрсете алды.
Еске сала кетейік, репарация деп ағзалардың ДНҚ молекулаларының химиялық зақымдарын түзетуге мүмкіндік беретін қызметтік ерекшелігін атайды. Осындай зақымдар мен үзілулер химиялық немесе физикалық агенттердің әсер етуінен пайда болуы мүмкін. Ғалымдар ДНҚ зақымдануы тұрақты түрде болатынын, біздің үнемі репарациямыздың арқасында ғана генетикалық материалымыз бүкіл өмір бойы бірдей болып қалып отырғанын атап өтуде.
Еске сала кетейік, 2014 жылы химия саласында Нобель сыйлығын тым жоғары рұқсаттағы флоуросценттік микроскопияны дамытуға қосқан үлкен үлесі үшін Эрик Бетциг, Уильям Монер және Штефан Хелль алған.
Дереккөзі: inform.kz