Өзектi

Физика саласы бойынша 2015 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды

07.10.2015

5559

БАҚ хабарлағандай, 2015 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттарының есімдері белгілі болды.
Нейтрино осцилляциясын ашқан ғылыми қызметкерлер - Такааки Кадзита мен Артур Макдональд физика бойынша 2015 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты атанды.

Оларға «Нейтрино пішінін өзгерте алатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдегені үшін» Нобель сыйлығы берілді. Бұл жаңалық материяның ішкі үрдістері бойынша ғалымдардың түсінігін өзгертті. Такааки Кадзита Жапония аумағында атмосфералық нейтринолар бір күйден екіншісіне өте алатынын ашты. Сонымен қатар Канадада Макдональд бастаған бір топ ғалым біздің планетаға келе жатқан нейтрино жоғалмайтынын көрсетті», - делінген хабарламада.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар